Қазақстан • 05 Қазан, 2022

«Ардагерлер ұйымы» Қазақстан Президенттігіне кандидат ұсынды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс Х съезі өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен 101 делегат қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ардагерлер ұйымы» Қазақстан Президенттігіне кандидат ұсынды

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзінде еліміз үшін маңызды саяси науқанға дайындық басталғанын атап өтті.

«Съездің күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесі тұр. Бізге қазіргі уақытта әлемдік саясаттың шарттарын жақсы түсінетін, қажет болған жағдайда батыл шешім қабылдай алатын саяси тұлға қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев - мықты саясаткер. Оның жоғары біліктілігі, халықаралық қауымдастық мойындаған тәжірибесі мен білімі елді жаңа биіктерге жетелейтініне сенімдімін», деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Съезд делегаттары тиісті қаулы қабылдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына дауыс берді.